Қазақстан құрамасы Атлеттер ауылына жайғасты
Кеше Алматыда Атлеттер ауылының жаңа бөлімдеріне алғашқы қатысушылар жайғасты.
Аталмыш шара жарысты ұйымдастыру комитетінің өкілдері, арнайы қызмет жұмысшылары, БАҚ өкілдерінің және еріктілер қатысуымен өтті. Сондай-ақ, әкімшілік бөлімшенің фойесінде Қазақстан құрамасының спортшыларын қазақтың дәстүрі бойына шашумен салтанатты түрде қарсы алды. Қазақстан спортының ақсақалы, дәстүрлі күрес бойынша Мәскеу олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров еліміздің намысын қорғайтын спортшы студенттерге бата берді. «Біздің жеріміз және Қазақстан халқы тек ең жақсы сөздерге ғана лайық. Қазақстандықтар мен елбасымыздың салған еңбегі арқасында сендерге және келешек ұрпаққа арнап ең керемет спорт ғимараттары көтерілді. Барлықтарыңа бүкіл әлемге танымал спортшыға айналып, кезінде мен және менің жолдастарым жете алған биіктерге көтерілуді, яғни Олимпиада тұғырына шығып, өздеріңнің және өз елдеріңнің даңқын көтеруді тілеймін, – деді Жақсылық Үшкемпіров.
«Бөлмеміз жайлы әрі ыңғайлы. Жарыс кезінде толыққанды тынығу үшін қажет нәрселердің бәрі бар. Сочи Олимпиадасының бөлмелерінен артық болмаса кем емес. Осының арқасында жақсы өнер көрсетеміз деп үміттенемін», - деді фристайл-акробатика шебері Жанбота Алдабергенова.
Атлеттер ауылының тағы бір ерекшелігіне биатлоннан Ванкувер-2010 күміс жүлдегері Елена Хрусталёва өз бағасын берді: «Мен осы кешенді оның құрылысы енді басталғанда көргенім бар. Бүгін мен оны көріп үлкен әсерде тұрмын. Біз жарыстар кезінде қарсылас болғанымызға қарамастан, осында достасып, пәтер түрінде салынған бөлмелерде өз үйіміздегідей ынтымақтаса өмір сүруге мүмкіндік алып отырмыз, бұл аса маңызды деп ойлаймын. Осы Универсиада қазақстандықтардың болашақ жеңістерге жетелеп, балалар спортының дамуына күшті ықпалын беретініне сенімдімін».



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или