ШҚО депутаты «Abu Dhabi Grand Slam-2017» жарысында жеңімпаз атанды

ШҚО депутаты «Abu Dhabi Grand Slam-2017» жарысында жеңімпаз атанды

Әбу-Дабиде өткен «Abu Dhabi Grand Slam-2017» әлемдік турында Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Айдос Серікқалиұлы алтын медаль иегері атанды, деп хабарлайды отандық басылымдар. <br /><br />Бас жаттықтырушы Арманжан Рузахуновтың пен қара белбеу иегері, Бразилиядан арнайы шақыртылған жеке бапкер Антонио Мартинстің басшылығымен спортшы бірінші күні-ақ грэпплингтен II орынды иеленіп, күміс медаль алды. Турнирдің екінші күні +100 келі салмақ дәрежесінде бразилиялық джиу-джитсу бойынша I орынды жеңіп алып, 155 000 доллар көлеміндегі сыйақыны қанжығасына байлады. <br /><br />Айта кетейік, қазір Айдостың қоржынында екі «алтын» және бір «күміс» бар. Ол алғашқы алтынын Алматы қаласында өткен «Arlan Grip Selection Final-2016» чемпионатында бразилиялық джи-джитсудан алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или