Қазақстандық балуандар Ираннан жүлделі оралды
Иранның Мешхед қаласында 19-шы қаңтар күні бастауын алған еркін күрестен «Тахти» кубогы өз мәресіне жетті.<br /><br />Аталмыш жарыс командалық түрде өтті. Халықаралық сайысқа 18 құрама қатысты. Қазақстан балуандары бұл сайыста қола жүлдені иеленіп, олжалы оралды. <br /><br />Айта кетейік, біздің топта Украина, Қырғызстан және Ирак командалары болды. Финалдық жолдама сарапқа салынған сында балуандарымыз Арменияға 4:4 есебімен қосымша көрсеткіштер бойынша жеңіліп қалды. Үшінші орын үшін болған таласта Иранның екінші құрамасын 5:3 есебімен ұттық.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или