FISU бас хатшысы Алматыға келді
Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) бас хатшысы Эрик Сайнтронд Алматыға келді, деп хабарлайды қазақстандық басылымдар.
FISU басшысын әуежайда Универсиада-2017-ні ұйымдастыру комитетінің өкілдері мен Қазақстанның Ұлттық студенттік спорт федерациясының басшылығы қарсы алды. Мәртебелі хатшының құрметіне орай қазақ дәстүріне сай шашу шашылып, Алматының алмасы тарту етілді. Эрик Сайнтронд қазақстандықтардың айрықша қонақжайлығын атап өтіп, Универсиадаға келетін барлық шетелдік делегациялардың қазақстандық тараптың жылы қабылдауына таң қаларлығына сенімді екендігін атап кетті.
Эрик Сайнтронд 2007 жылдан бері федерацияның бас хатшысы қызметін атқарып келеді. Алматыда қысқы Универсиада өткізуге дайындық барысында, ол бірнеше мәрте спорттық нысандарды аралаған. FISU-дің бас хатшысы Универсиада-2017-нің ашылу салтанаты қарсаңында федерация атқарушы комитетінің отырысын өткізуге және бірқатар ұйымдастырушылық мәселелерді шешуге келіп отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или