Универсиада қатысушысы ресейлік Елена Ильиных Ақтауда дүниеге келгенін сіз білесіз бе?

Универсиада қатысушысы ресейлік Елена Ильиных Ақтауда дүниеге келгенін сіз білесіз бе?

Алматыда өтетін қысқы Универсиада ойындарында Ресей намысын мәнерлеп сырғанау спортынан Елена Ильиных қорғайды.

 
Елена Ильиных 1994 жылы Ақтау қаласында дүниеге келген. Ата-анасы ажырасып кеткен соң анасымен бірге Мәскеуге көшіп кетеді. Төрт жасында коньки киіп, мәнерлеп сырғанау спортына машықтанған Елена бүгінде әлемдік жарыстарда жүлде алып жүр. Сочи Олимпиадасында Никита Кацалаповпен жұптасып қола жүлдені иеленді. Сондай-ақ, Олимпиада ойындарының командалық сайысында алтын медальды жеңіп алды.
 
Айта кетейік, Сочи Олимпиадасынан кейін Ильиных пен Кацалапов жұбы екіге бөлініп, Елена өзіне жаңа жұп тапты. Бүгінде ол Руслан Жиганшинмен бірге өнер көрсетіп жүр.
 
Естеріңізге салайық, Елена Ильиных пен  Руслан Жиганшин Алматыда өтетін қысқы Универсиадада жұптасып мәнерлеп сырғанау сайысына қатысады.
 
efb66b871f15006c5e46a7b9f9c453a9.jpg
 
dd465802b30f32500a9f2bd7c2abd383.jpg
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или