Бендиден әлем чемпионатына баратын Қазақстан құрамасы анықталды

Бендиден әлем чемпионатына баратын Қазақстан құрамасы анықталды

Швецияның Сандвикен қаласында өтетін бендиден әлем чемпионатына баратын Қазақстан құрамасы анықталды.

Құрама қатарына төмендегі спортшылар енді:

Қақпашылар : Андрей Рейн («Водник»), Ильяс Хайрекишев.

Қорғаушылар : Максим Рязанов («Волга»), Анатолий Голубков («Динамо-Казань»), Иван Козлов, Роман Сухоруков (екеуі де — «Водник»).

Жартылай қорғаушылар : Руслан Галяутдинов («Волга»), Леонид Бедарев, Антон Храпенков (екеуі де — «Каликс»), Артём Вшивков («Сибсельмаш»), Василий Жаукенов («Кузбасс»).

Шабуылшылар: Рауан Исалиев, Евгений Леонов (екеуі де — «Сибсельмаш»), Александр Насонов («Енисей»), Сергей Почкунов («Уральский трубник»), Олег Пивоваров, Сергей Перминов, Александр Антонов (бәрі — «Водник»). 

Айта кетейік , бендиден әлем чемпионаты Сандвикен қаласында 29- шы қаңтар мен 5-ші ақпан аралығында өтеді.

Осыған дейінгі өткен әлем біріншіліктерінде Қазақстан құрамасы алты рет қола жүлде еншілеген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или