Абылайхан Құсайынов мексикалық боксшымен жұдырықтасатын болды

Абылайхан Құсайынов мексикалық боксшымен жұдырықтасатын болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Абылайхан Құсайынов (4-0, 3KO) өзінің келесі жекпе-жегін 28 қаңтарда Канаданың Квебек қаласында өткізеді.

Абылайдың қарсыласы мексикалық боксшы – Оскар Мехия. Жекпе-жек Монреаль қаласындағы Bell Centre аренасында өтеді, — деп хабарлайды боксшының вКонтакте желісіндегі ресми парақшасы.

Абылайхан Құсайынов бүгінге дейін 4 кездесу өткізіп, 3 кездесуінде қарсыластарын мерзімінен бұрын ұтқан. Отандасымыз соңғы жекпе-жегін 17 желтоқсан күні мексикалық Хесус Переске қарсы өткізіп, ұпай саны бойынша қарсыласынан басым түсткен.

Айта кетейік, отандасымыз қатысатын бокс кешінің басты кездесуі Стивен Батлер (18-1, 15 КО) мен Брандон Кук (17-0, 10 КО) арасында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или