Людмила Прокашева: «Алматыда лайықты нәтиже көрсетеміз»
Конькимен жүгіру спортынан Қазақстанның бас жаттықтырушысы, павлодарлық Людмила Прокашева өз шәкірттерінің қысқы Универсиадада жүлде алатынына сенімді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайты.<br /><br />«Мүмкіндігіміз жоғары. Спортшылардың дайындығын, аяқ алысын өз көзіммен көріп жүргендіктен, олардың жерге қаратпайтынына сенімдімін. Біз Алматыда лайықты нәтиже көрсетеміз. Жеңімпаз атануға, жүлдегерлер қатарынан көрінуге лайықты спортшылар баршылық. Олардың арасында мол тәжірибе жинақтаған спортшылар да, мұндай додаға алғаш рет қатысқалы отырған жастар да бар. Бірақ, олардың есімдерін атап, ешкімді бөле-жара атамаймын. Нақты айтарым, Универсиадада жүлде болады және жалғыз емес, - дейді Людмила Прокашева», - деді бас жаттықтырушы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или