Иво Карлович Australian Open турнирінде рекорд орнатты
Australian Open турнирінің алғашқы айналымында хорватиялық теннисші Иво Карлович аргентиналық Орасио Себальоспен кездесіп жеңіске жетті.
Кездесудегі есеп 6:7 (8), 3:6, 7:5, 6:2, 22:20.
Бұл кездесуде 37 жастағы xорватиялық теннисші 75 эйс жасап турнирдің жаңа рекордын орнатты.
Бұған дейінгі рекорд швециялық теннисші Томас Юханссонға тиесілі болатын. Ол 2005 жылы бір ойында 51 эйс жасаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или