Спорттағы қызықты оқиғалар. 2-бөлім

Спорттағы қызықты оқиғалар. 2-бөлім

Кеше спорттағы қызықты оқиғалар топтамасын жариялаған болатынбыз. Енді назарларыңызға топтаманың екінші бөлімін ұсынамыз.

- Камерунда футболдан студенттер чемпионатында командалардың біріне 0:3 есебімен техникалық жеңіліс жазылған. Себебі команда капитаны қарсыластың капитанымен амандасудың орнына, іш киімін шешіп, қарсыласына көрсеткен.

-2004 жылы Ресейдің бірінші дивизионында қаржылық қиындық көріп жатқан «Уралан» футбол клубы Брянскідегі матчқа тізімге енуі тиіс 18 футболшының тоғызын ғана апарған. Нәтижесінде, қосалқы құрамды айтпағанда, негізгі құрамға екі ойыншысы жетпей тұрған «Уралан» қарсыласына 0:6 есебімен жол берді.

- Ватикан мемлекетінің ішкі біріншілігінде «Телепошта», «Гвардиялықтар», «Банк», «Кітапхана», «Мұражайлар құрамасы» секілді футбол клубтары ойнайды.

- Футболдағы ең ұзақ матч 2009 жылы 11-12 сәуірде Ұлыбританияда өтті. Бристоль  футбол академиясы мен «Лидс Беджерс» арасындағы ойын 36 сағатқа созылған. Матч 285-255 есебімен «Лидстің» жеңісімен аяқталды. Бұл команданың шабуылшысы Адам Макфи сол ойында 75 гол соққан.

- 1908 жылы Айб Айтел мен Оуэн Моран арасындағы жекпе-жек 25 раундқа дейін созылған. Бір қызығы, бұл кездесу тең есеппен аяқталды. Екі боксшының да нәтижеге көңілі толған жоқ. Сондықтан, екеуі де реванш өткізуді жөн көреді. 23 раундтан тұрған екінші кездесу де тең аяқталды. Айтел де, Моран да өзара үшінші рет жұдырықтасқан жоқ.

- Испаниялық «Мальорканың» аргентиналық қақпашысы Карлос Роа «Челси» мен «Манчестер Юнайтед» қызығушылық танытып жатқанына қарамастан, мансабын аяқтап тастады. Сөйтсек, ол жақын арада ақырзаман болады деп ойлапты. Кейін спорттық мансабын қайта бастағанымен, төменгі дивизиондарда ғана ойнады.

- 1904 жылы америкалық Сент-Луисте өткен Олимпиада ойындарында марафоншы аз ғана шақырым жүгіріп өтіп, күтіп тұрған көлікке отырып кеткен. Тек мәреге 1,5 шақырым қалғанда ғана көліктен түсіп, мәре сызығын бірінші болып кеседі. Бұл кейін ғана белгілі болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или