Спорттағы қызықты оқиғалар. 1-бөлім

Спорттағы қызықты оқиғалар. 1-бөлім

Спорт спорт болып танылғалы түрлі жарыстар өтті. Өкініштер мен қуаныштар болды. Мұндай жерлерде қызықты оқиғалар да қатар жүретіні анық. Назарларыңызға спорттағы қызықты оқиғалар топтамасын ұсынамыз.

- Футболдағы ең жылдам гол «Аделаида Сити» мен «Сидней Юнайтед» арасындағы матчта соғылды. Ойынның 3.67 секундында алаң иелерінің ойыншысы Дэмьен Мори допты қарсылас қақпасында тулатты.

- 1936 жылы Берлиндегі Олимпиадада сырықпен секіру жарысында жапон спортшылары Сюхэй Нисида мен Суэо Оэ бірдей нәтиже көрсетті – 4,25 метр. Бұл екінші орынның көрсеткіші болатын. Нәтижесіде күміс медальді Нисида алса, Оэге қола жүлде бұйырды. Мұның екі түрлі нұсқасы бар. Біріншісі, күміс пен қола медальдарды айқындау үшін тиын лақтыра салған. Ал екінші нұсқа бойынша, жапон федерациясы осындай шешім қабылдаған. Бірақ артынша Нисида мен Оэ өз үйлеріне оралған соң, өз медальдарын ортасынан бөліп, бір-біріне сыйлаған. Сондықтан, бүгінде екі спортшыда да күміс-қола жүлде бар.

- 1983 жылы КСРО және Бразилия құрамалары арасындағы жолдастық кездесуге 100 мыңнан астам жанкүйер келген. Бұл волейбол сайыстарындағы рекорд саналады. Ойын Бразилиядағы «Маракана» стадионында өтті. (Суретте)

- Солтүстік Кореяда футбол матчтарында жеңілу өте қауіпті. Мысалы, 1996 жылы солтүстік кореялық футболшылар әлем чемпионатының ширек финалына дейін барып, жеңіліп қалған. Нәтижесінде, барлық ойыншылар лагерьге қуылды. Тек бір ғана шабуылшы мұндай жазадан құтылып кетті.

- Гольф спорты Шотландияда пайда болды. Спорттың атауы «Gentlemen Only Ladies Forbidden» тіркесінің алғашқы әріптерінен құралған.

- Екі адамды азаптап өлтіргені үшін өлім жазасына кесілген Метью Стюарттан ең соңғы сөзін сұрағанда: «You just do it» (Жәй ғана осыны жасаңдар) деп жауап берген. Бұл сөз Nike компаниясын құрған Фил Найтқа үлкен әсерін тигізіп, компанияның ұраны да осы болды: «Just do it».

- Шахматта «шах» және «мат» сөздері перси сөзінен алынған. Тура мағынасы «Патша өлді» дегенді білдіреді.

- Теннисте ұпай жоқ дегенді білдіретін «love» термині 1792 жылы пайда болған және ол «махаббатпен ойнау» дегенді білдіреді. Алайда кейбір зерттеулердің нәтижесі бойынша, теннистегі «love» термині француздың «L’Oeuf» («жұмыртқа») сөзінен жасалған. Себебі нөл мен жұмыртқаның пішіндері ұқсас болып келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или