«Төрт ағайындының» жетекшісі абақтыдан шықты

«Төрт ағайындының» жетекшісі абақтыдан шықты

«Төрт ағайынды» деп аталып кеткен қылмыскерлердің жетекші өкілі Еркін Ізбасар тергеу абақтысынан босатылды. Күдікті қазір дәрігерлердің бақылауында, деп хабарлайды NUR.KZ.

«Қазір ем қабылдап жатыр. Тергеу абақтысынан бізге 19 желтоқсан күні әкелінді. Үш апта болды, жағдайы орташа қалыпты. Әзірше диагнозы туралы айта алмаймыз, бұл дәрігерлік құпия», - деді Серік Жанелсінов.

Қылмыс әлемінің серкесі заңсыз мұнай ұрлығыны үшін тергеуге түскен. Еркін Ізбасар іздеуде жүрген Бергей Рысқалиевпен байланыстағы адам деген болжам айтылуда.

Жол апатынан кейін арбаға таңылған бірінші топ мүгедегінің есімі спортшылар арасында жақсы таныс. Еркін Ізбасар спортшыларға үнемі қолдау көрсетіп, мүмкіндігі шектеулі жандарға қайырымдылық шарасын жиі ұйымдастыратын азамат. Дәлірек айтсақ, Ақтөбе облысының еркін күрес шеберлеріне үнемі қаржылай көмек көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или