Головкиннен ұтылған екі боксшы кездеседі

Головкиннен ұтылған екі боксшы кездеседі

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясы орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Давид Лемье (36-3, 32 КО) мен чемпиондыққа үміткер Кертис Стивенс арасында (29-5, 21 КО) жекпе-жек өтетін жариялады.

BoxingScene сайтының хабарлауынша, екі атақты панчер арсындағы кездесу 11 наурызда Нью-Йорк штатының Верона қаласында өтеді. Бұл кездесу HBO телеарнасынан көрсетіледі. Боксшылар WBO NABО чемпиондық атағына таласпақ.

«Соңғы айларда Кертис менің тарапыма көп нәрсе айтып тастады. Келіссөздер уақыты аяқталды. Енді оның аузын жабатын күнді асыға күтудемін. Менің мақсатым — қайтадан әлем чемпионы атану, ал Стивенс менің жолымда тұр», — деді Лемье.

«Айтылған сөздер өтіп кетті. Енді жұдырықпен дәлелдеу кезі келді, қолым қазірден қышып жүр», — деді Стивенс.

Айта кетейік, қос боксшы да бұған дейінгі кездесулерінде жеңіске жетті: Лемье Глен Тапиа мен Кристиан Фабиан Риосты ұтса, ал Стивенс Патрика Тейшейра мен Джеймс Де Ла Росадан басым болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или