Евгений Хитров техникалық нокаутпен ұтылды
Украиналық кәсіпқой боксшы Евгений Хитров америкалық Имманувель Алимнан жеңіліп қалды.
Нью-Йорк қаласында өткен жекпе-жекте украиналық былғары қолғап шебері алдымен нокдаунға түсіп, артынша техникалық нокаутпен жеңіліс тапты. Бұл Хитровтың кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісі.
Айта кетер жайт, Имманувель Алим бұған дейін 17 жекпе-жек өткізіп, 16 рет жеңіске жеткен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или