Мирас Жақыпов жеңіске жетті
Мирас Жақыпов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.
WSB тұжырымы бойынша «Astana Arlans» құрамында чемпион болған отандасымыз кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін Қытайда өткізді. Шанхайда қаласында өткен жартылай жеңіл салмақта жерлесіміз жергілікті боксшы Гуаньжи Женмен кездесіп, ұпай саны бойынша қарсыласын ұтты.
Айта кетейік, 27 жастағы Мирас Жақыпов Өскемен қаласының тумасы. Бокс пен кикбокстан Қазақстан чемпионы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или