Дана Уайт: «Әй Флойд, салық төлеу уақыты келіп қалды»

Дана Уайт: «Әй Флойд, салық төлеу уақыты келіп қалды»

TMZ сайтына берген сұқбатында UFC президенті Дана Уайт Флойд Мейвезермен Конор Макгрегор арасындағы жекпе-жек жайлы өз пікірін білдірді. 

 
Аталмыш кездесуге 25 миллион доллар ұсынған Дана Уайт, уақыттың Флойдқа қарсы жұмыс істеп жатқанын атап өтті.<br /><br />
«Біріншіден Флойд өзін Макгрегордан беделдімін деп ойлайды. Флойд 20 жыл бойы жеңіліс көрмеген боксшы, мен оны бағалаймын. Ал Конор бізбен 3-4 жыл көлемінде. Алайда беделдікті жылмен анықтау қателік. Мен оған Конордан көп ақша төлемеймін. Ол Макгрегор ұсыныс жасады дейді. Расында Конор ешқашан ұсыныс жасаған емес. Ұсынысты мен жасаймын. 25 миллион доллар далада жатпайды. Оны бәрі біледі. Майвезер өзінің көлігінен қымбат қолсағатын көрсетіп мақтана береді. Басты мәселе сол сағатта, себебі сен 250 мың доллардың қолсағатын тақсаң саған 25 миллионды да тез табу қажет.ЭӘй Флойд, салық төлеу уақыты келіп қалды, досым» - деді UFC президенті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или