Том Леффлер: «Головкин – Канело кездесуін өткізгіміз келеді»

Том Леффлер: «Головкин – Канело кездесуін өткізгіміз келеді»

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль Альварестің командасымен болып жатқан келіссөз жайлы айтты.

«Кім не десе де, біз қазір бар көңілімізді Джейкобске бөліп отырмыз. Головкин оны наурызда жеңіп кетсе, ал Альварес мамырда қарсыласын ұтса, қыркүйекте жекпе-жек өткізу туралы айта беруге болады. Біздің тарапымыздан ешқандай күмән жоқ, бұл кездесуді ұйымдастырғымыз келіп отыр. Golden Boy Promotions де соны қалайды деп үміттенемін. Бұл жекпе-жектің қашан өтетінін менен сұрамайды – бірақ ол биыл ұйымдастырылатын секілді», - деді Леффлер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или