Дэниэл Джейкобс: «GGG Канелодан жеңілгенде бірінші қатарда отырамын»

Дэниэл Джейкобс: «GGG Канелодан жеңілгенде бірінші қатарда отырамын»

Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобстің пікірінше, қазақстандық Геннадий Головкин оны менсінбей, бүгінде мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жекті ойлап жүр.

«Головкин маған назар аудармайды, бірақ бұл мен үшін маңызды  емес. Олар әлі де Головкин – Канело жекпе-жегін ұйымдастыра алады, бірақ Геннадий үшін бұл кездесу сәтсіз өтуі мүмкін. Ал мен оны бірінші қатарда отырып тамашалаймын. Мен бұған ештеңе жасай алмаймын – бұл олардың жоспарлары. Бірақ менің айтқым келгені, олардың командасы бірінші кезекте маған көңіл бөлуі керек, ал мен – Головкинге», - деді Джейкобс.

Айта кетейік, Головкин - Джейкобс кездесуі 18 наурыз күні Нью-Йорк қаласында Madison Square Garden аренасында өтеді. Бұл спорттық шараны «Қазақстан» мен KazSport телеарнасы көрсетеді. Головкиннің жекпе-жегі наурыздың 19-да Астана уақытымен сағат 08:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или