Левитке алтын медаль табысталды

Левитке алтын медаль табысталды

Астанада  жыл сайынғы VI  «Халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығы табысталды, деп жазады inform.kz.

Салтанатты марапаттау кешінде қазақстандық боксшы Василий Левитке Олимпиада алтын медалінің көшірмесі табыс етілді. Естеріңізге сала кетейін, Василий Левит финалда ресейлік Тищенкодан төрешілердің шешімімен ұтылғаннан кейін қоғамда сан түрлі пікір қалыптасып, дауға ұласқан болатын. Осы жағдайдан кейін Ғалым Байтук алтын медальдың көшірмесін жасау үшін ақша жинау акциясын ұйымдастырып, салтанатты кеште оны табыстады.  

«Әрине, халық тарапынан осындай қамқорлық көрген қуантады. Сонымен қатар, бұл үлкен жауапкершілік. Мен бұл алтын медальды ақтау үшін жұмыс істеуім керек», — деді Василий Левит. 

Айта кету керек, «Жыл спортшысы» номинациясында жеңімпаз атанды. Ал, Левит «Халық чемпионы» номинациясын жеңіп алды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или