Кубалық боксшы Лара Головкинді жекпе-жекке шақырды

Кубалық боксшы Лара Головкинді жекпе-жекке шақырды

Төртінші раундта израильдік Юрий Форманды нокаутқа түсірген кубалық Эрисланди Лара бірнеше боксшыны жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды. 

«Мен үздіктермен жұдырықтасқым келетінін айтқанмын. Менің мақсатым - Головкин, Канело және Андрадемен жекпе-жекке түсу», - деп мәлімдеді Лара айқастан кейін.

Бірінші орта салмақта WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, кубалық Эрисланди Лара израильдік Юрий Форманды нокаутқа түсіріп, өз белбеулерін сәтті қорғап шықты.

Жекпе-жек Хайалиада (АҚШ, Флорида штаты) өтіп, төртінші раундта төрешінің шешімімен уақытынан бұрын аяқталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или