Андре Розье: «Джейкобс бір раундта 100 соққыдан жасайды»
18 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобс өз мансабындағы ең үлкен жекпе-жегін өткізеді.
Ол орта салмақтың ең үздік боксшысы, WBA (Super), WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен жұдырықтасады.
Джейкобстің бапкері Андре Розье өз шәкіртінің бұл кездесуге дайын болатынын айтты.
«Дэнни жәй ғана панчер емес – ол қолын жәй ғана көтеріп жүрмей, көп соққы жасайды. Рингте осылай бақылау жасай алады – бір раундта 100 соққыдан жасап, - дейді Розье. – Кертис Стивенске де осындай тапсырма бергенмін, бірақ ол орындай алмады. Дэнни жәй ғана соққы жасап қана қоймай, көп қозғалады. Жеңіске жеткің келсе, қолмен жұмыс істеп үйренуің керек».
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или