Альварес - Чавес жекпе-жегі 6-шы мамыр күні өтеді
Мексикалық боксшылар Сауль «Канело» Альварес пен кіші Хулио Сезар Чавес жекпе-жекке шығу үшін келісім шартқа қол қойды, деп жазады boxingscene.com.
Жекпе-жек 6-шы мамырға белгіленген. Ол күні Мексиканың ұлттық мейрамы тойланады. Кездесу 164, 5 фунт салмақ дәржесінде өтпек. Бокс кешін HBO арнасы PPV жүйесі арқылы көрсетеді.
Жақын арада жекпе-жектің өту уақыты анықталады деп күтілуде. Естеріңізге сала кетейін, осыған дейін Чавес отандасының барлық талаптарына барып, сыйақы мөлшерін 6 миллион долларға дейін қысқартқанын мәлімдеген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или