Головкин: «Мейвезер үшін 154 фунтқа түсемін»
Қазақстандық танымал кәсіпқой боксшы The Breakfast Club радиошоуына кіші Флойдом Мейвезермен болуы мүмкін жекпе-жек жайлы айтты.
— Мейвезер сенімен жекпе-жекке шығу үшін боксқа қайта оралады деп ойлайсың ба?
— Менің ойымша, ол қайта оралады. Ол ақылды жігіт. Себебі, бұл жақсы бизнес.
— Сен оны жеңе аласың ба?
— Бұл — өмір. Бұл — бокс. Жеңе аламын деп үміттенемін.
— Рингтің сыртында екеуіңнің араңда не бар?
— Мен бірнеше рет Мейвезермен кездестім. Ол жақсы боксшы әрі мықты бизнесмен. Мен Флойдты құрметтеймін.
— 100 миллион үшін ол сенімен кездесу өткізе ме?
— Иә. Бұл жақсы келісім болмақ.
— Ол үшін сен көп салмақ тастайсың ба?
— Көп емес. Бес фунт (2,268 келі) салмақ тастауым керек.
— Сенің салмағың 170 фунт па (77,11 келі)?
— Жоқ, 160 фунт (72,57 келі). Мен осыған дейін де 154 фунт (69, 85 кг) салмақ дәрежесіне түсуге дайын екенімді айтқан болатынмын. Бірақ Канело үшін емес, Флойд үшін ғана.