Расул Мирзаев: «Маған 14 оқ атылды»
Ресейлік спортшы Расул Мирзаев Life.ru сайтына берген сұхбатында өзіне жасалған қарулы шабуыл жайлы айтып берді.
Естеріңізге сала кетейін, 31-ші желтоқсан күні Мирзаевті белгісіз бұзақылар соққының астына алып, тапаншамен атып кеткен болатын.
«Маған 14 оқ атылды. Оның төртеуі ғана тиді. Бұның қалай болғанын білмеймін. Бұндай таңғажайып оқиға тек ертегіде ғана кездеседі. Тезірек сауығып, жаттығуға оралғым келеді. Грузиялық Леван Макашвилимен қарымта жекпе-жек өткізуім тиіс. Ол мен үшін өте маңызды», - деді Мирзаев.
Айта кету керек, төрт оқтың екеуі спортшының басын жарақаттаса, біреуі кеудесіне, тағы біреуі Расулдың ішіне тиген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или