Джейкобс Головкинді ресейлік «қанішер» деп атады
WBA белбеуінің «тұрақты» иегері, америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) қазақстандық WBA (Super), IBO, WBC және IBF титулдарының иегері Генадий Головкинге (36-0, 33 КО) қарсы өтетін жекпе-жекте жеңіске жетуге дайын екенін мәлімдеді.
«Жаратушының арқасында осындай шыңға жеттім. Алдағы жекпе-жекте күш-жігерімді аямай жанымды саламын. <br />Бруктың қол сермеуі нашар, құлаштап ұра алмайды. Головкиннің кемшін тұсы – қорғанысы. Мұны соңғы жылдары байқадық. Кәспқой бокста енді көтеріліп келе жатқанымда осы бір ресейлік «қанішер» жайында естіп едім. Кейін негізгі нысаныма айналды.
Менің мықты тұсым – шымырлығым. Дене әлеуетім мығым. Құлаштап қол сермегенімді көрдіңіздер, басқа да артықшылықтарым жетеді. Мүмкіндіктерімді максимум пайдаланып, оның әрекеттерін минимумға айналдырам», - дейді Джейкобс.