«100 миллион доллар маған, 15 миллион - саған»

«100 миллион доллар маған, 15 миллион - саған»

Атақты америкалық боксшы Флойд Мэйвезер UFC жұлдызы Конор МакГрегормен қай жағдайда жұдырықтасатынын айтты. 

«Маған 100 миллион доллар сыйақы берсеңдер, МакГрегормен жекпе-жек ұйымдастырылады. ММА-де Конордың қанша сыйақы алатынын білмеймін, бірақ ары кетсе 10 миллион доллар табыс тапқан шығар. Мен оған 15 миллион доллар ұсынуға дайынмын. Мені басқа мәселе алаңдатады. МакГрегор менімен жұдырықтасқысы келеді ме?», - деді Мэйвезер.

Естеріңізге сала кетсек, Конор МакГрегор жақында боксшы лизенциясын алған болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или