Елеусінов 69 келіде жұдырықтаспай ма?

Елеусінов 69 келіде жұдырықтаспай ма?

Данияр Елеусіновтың кәсіби–рингтегі салмақ категориясы анықталды.

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіби рингтегі салмақ категориясын анықтады.

- Келіссөздер жүргізілді, ресми келісімге ақпан айында қол қоямыз, - деді боксшының әкесі.

- Данияр қандай салмақ дәрежесінде шығатын болады?

- Кәсіпқой бокста спортшы бір ғана жекпе-жекке дайындалады. Бір тәулік бұрын салмақ өлшейді, сосын қайта қалпына келеді. Әуесқой бокста таңертең салмақ өлшесең, кешке – жарыс. Салмақты ұстау өте қиын. Кәсіпқой бокста кейбіреулер жеті-сегіз келі «қуады», ал жарысқа жарты күн қалғанда салмақ өлшеген соң, қайта қалпына келеді. «Әуесқойда» мұндай мүмкіндік жоқ. Қалай болатынын көреміз.

- Яғни, салмаққа қатысты нақтылық жоқ қой әзірше?

- Шамамен 66 келі.

- Яғни, 69 келі емес қой?

- Жоқ, 69 емес. Кәсіпқой бокста адамдар 80-нен 69 келіге дейін «қуалайды». Сол үшін осы категорияны таңдадық.

- Даниярдың қалыпты салмағы қанша?

- 72 келі.

- Келісімнің шарттары қандай? Дебют қайда өтеді?

- Әзірше айта алмаймыз. Ресми қол қойған соң, мәлімдейміз.

- Таңдауларыңыз неге осы промоутерлік компанияға түсті? АҚШ пен Ресейден ұсыныстар болып еді ғой.

- Олар танымал промоутерлік компанияларға қарағанда, жақсы шарттар ұсынды.

- Даниярда ойын стилі бар және кәсіби-рингте қаталдық жағынан өзгерістер жасау керек деген пікірлер айтылуда. Оны сіз дайындайтыныңыз түсінікті. Ал, кәсіби рингте тәжірбиесі бар жаттықтырушы шақырыла ма?

- Иә, Даниярдың кәспқой рингке өтуіне көмектесетін америкалық жаттықтырушы болады.

- Даниярдың үлкен ағасы Дәурен осы проумоутерлік компания атынан шыға ма?

- Иә, ол алдыңғы компаниямен келісімді бұзды. Оның келісімшарты Даниярдыкіндей емес, ол Олимпиада чемпионы ғой, бірақ, бұрынғысынан жақсы.

Естеріңізге салсақ, Олимпиада чемпионы және Қазақстан құрамасының капитаны Данияр Елеусінов кәсіби рингке өтті. Жақын уақытта бұл жолға супер ауыр салмақтағы Иван Дычко да өтуі мүмкін. Елеусіновке келсек, дебют алдында оған бокстасу мәнерін өзгертуді ұсынып жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или