Геннадий Головкин TheBreakfast Club хабарының қонағы болды
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин TheBreakfast Club хабарының Power радиостанциясында қонақта болды.

Кездесу барысында Головкин өз тарапына қарсыластарының деңгейі жайлы айтылып жатқан сын туралы айтып берді.

«Өткен жылы менің боксқа деген қызығушылығым біршама бәсеңси түсті. Менің атымнан көптеген ұсақ-түйек, жаман әңгімелер тарады. «Мен шығамын...», «Мен шығуға дайынмын...» деген сияқты. Шын мәнінде мен олардың барлығының дайын емес екендігіне көзім жетті. Алайда мен кеше Дэннидің (Джейкобс) расында да дайын екендігін көрдім», - деді Головкин.

Айта кетейік, кездесу алдында жыныстық қатынасқа қалай қарайсыз деген сұраққа, боксшы ол күрделі мәселе емес, деп жауап берді. Головкин бұған қоса, Андре Уордпен болуы ықтимал кездесу туралы айтты.

«Бұл кездесу өтеді деген үміттемін. Алайда бұл бокс. Ол 175 фунтқа ауырлады, ал мен 160 фунтта қалдым. Десек те болашақта кездесу өткізетін мүмкіндік туса мен одан қашпас едім. Бұл кездесуді бәрі күтіп жүр. Ол 168 фунт болып тұрған кезде біз бір-екі мәрте тілдестік. Алайда, айтарлықтай салмақты әңгіме өрбіген жоқ. Дегенмен бұл кездесу болашақта болуы әбден мүмкін. Мен кіммен болса жекпе-жекке шығуға дайынмын», - деді Головкин.