Дэниэл Джейкобс: «Головкин - Ресейден шыққан «қанішер»

Дэниэл Джейкобс: «Головкин - Ресейден шыққан «қанішер»

Орта салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Дэниэл Джейкобс алдағы қарсыласы Геннадий Головкиннің әлсіз тұстарын айтты.

Сондай-ақ, америкалық боксшы GGG-ді «ресейлік қанішер» деп атады.

«Брукта күш пен қолының құлашы болмады. Оның үстіне, Головкин қорғаныста сыр береді деп ойламап едім. Бокс «баспалдағымен» көтеріліп келе жатып, бұл жігітті, Ресейден келген «қанішер» туралы алғаш естідім. Қашан да менің назарымда болды. Головкин өте мықты, оны менсінбеуге болмайды. Ал оның әлсіз тұстарын айтар болсақ, біз оны бірнеше жыл бойы көріп келдік. Одан пайда алуға болады. Мен аумақтымын, физикалық басымдығым көп. Бастысы - өз ерекшеліктерімнің үздік тұстарын пайдаланып, оған өз мүмкіндіктерін қолдануға бөгет болу», - деді Джейкобс.

Айта кетейік, Головкин - Джейкобс кездесуі 18 наурыз күні Нью-Йорк қаласында Madison Square Garden аренасында өтеді. Бұл спорттық шараны «Қазақстан» мен KazSport телеарналары көрсетпек. Головкиннің жекпе-жегі Астана уақытымен наурыздың 19-да сағат 08:00-де басталады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или