Ресейлік маман Ислам - Альварес жекпе-жегі жайлы қауесетке пікір білдірді

Ресейлік маман Ислам - Альварес жекпе-жегі жайлы қауесетке пікір білдірді

Ресейлік белгілі комментатор Григорий Стангрит мамыр айында мексикалық Сауль «Канело» Альварес қазақстандық боксшы Қанат Исламмен жекпе-жек өткізуі мүмкін деген қауесетке қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Тengrinews.kz жазды.

«Неліктен өтуі мүмкін емес? Мұндай жекпе-жекте бәрі де болуы мүмкін. Бірақ, әрине, күте тұрған абзал. Бұл Чавестің (Хулио Сезар Чавес - мексикалық боксшы) командасының Альвареске түсіріп отырған қысымы да шығар», - деп атап өтті Стангрит.

Еске салайық, кеше Fightnews.com басылымы Альварес - Ислам жекпе-жегі өтуі мүмкін деген қауесеттің тарағанын хабарлаған. Сол қауесетке сенсек, Альварес - Ислам жекпе-жек 6 мамырда өтеді делінеді.<span id="ctrlcopy"><br /></span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или