Джейкобстің бапкері: «Мен Головкиннің үлкен фанатымын»
Америкалық Дэниэл Джейкобстің бапкері Андре Розье қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы алдағы жекпе-жек жайлы пікірін айтты.
«Мен мына жас жігіттің (Головкинге көрсетіп) үлкен фанатымын. Ол - нағыз джентельмен. Бірақ 18 наурызда оның кім екенін білгім де келмейді. 18 наурызда ол маған ұнамай қалады, бірақ жекпе-жектен кейін оған қайтадан қызыға қарайтын шығармын. Үлкен рахмет, жекпе-жекті күтемін», - деді Розье «Мэдисон Сквер Гардендегі» баспасөз-мәслихатында.
Айта кетейік, Головкин - Джейкобс кездесуі 18 наурыз күні Нью-Йорк қаласында Madison Square Garden аренасында өтеді. Бұл спорттық шараны «Қазақстан» мен KazSport телеарнасы көрсетеді. Головкиннің жекпе-жегі наурыздың 19-да Астана уақытымен сағат 08:00-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или