Том Леффлер: «Головкин - Джейкобс жекпе-жегінің реваншы болмайды»

Том Леффлер: «Головкин - Джейкобс жекпе-жегінің реваншы болмайды»

Кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлердің айтуынша, GGG-дің америкалық Дэниэл Джейкобске қарсы жекпе-жегінің келісім-шартында реванш туралы ештеңе жазылмаған.

«Ол жақта жекпе-жектен кейінгі реванш туралы ештеңе жазылмаған. Не бел кетеді, не белбеу кетеді», - деді Том «Мэдисон Сквер Гардендегі» баспасөз-мәслихатында.

Айта кетейік, Головкин - Джейкобс кездесуі 18 наурыз күні Нью-Йорк қаласында Madison Square Garden аренасында өтеді. Бұл спорттық шараны «Қазақстан» мен KazSport телеарнасы көрсетеді. Головкиннің жекпе-жегі наурыздың 19-да Астана уақытымен сағат 08:00-де басталады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или