Лара Альваресті айыптады
Кубалық боксшы Эрисланди Лара (23-2-2, 13 КО) Сауль Альварестің (48-1-1, 33 КО) Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) жұдырықтаспайтынына толық сенімді.
«Кездесу жайлы көп айтылуда, алайда ол кездесуге Сауль келісім бермейді», деді Эрисланди.
Эрисланди Саульден есе қайтарғысы келетінін жасырмады. Оның сөзінше, төрешілер 2014 жылы Альвареске жеңісті әділетсіз берді:
«Сауль көп сөйлей береді, ол Головкинмен ешқашан жұдырықтаспайды. Ал мен Канеломен қуана-қуана шығамын. 2014 жылы ол менен ұтылған. Ондай-мұндай бокста жиі болып тұрады», – деді кубалық боксшы.
Айта кетейік, Эрисланди Лара бұған дейін Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или