Жерлесіміздің жекпе-жегі қарсыласының себептерінен болмай қалды
Орташа жартылай салмақтағы қазақстандық былғары қолғап шебері Бахтияр Эюбовтың (11-0, 10 КО) аргентиналық Элвином Переспен (28-16-4, 19 КО) өтуі тиіс кездесуі болмайтын болды, деп хабарлайды Boxingscene.com сайты.
Боксшылар АҚШ-тың Дирборндағы (Мичиган штаты) «Ford Community Center» аренасында алты раундтық жекпе-жеке шығулары керек еді. Алайда Бахтиярдың қарсыласы Перес медициналық тексерістен өте алмады. Сол себепті аталмыш жекпе-жек болмайтын болды.
Айта кететін жайт, бұл жайлы Эюбовтың промоутері Дмитрий Салита Boxingscene.com сайтына берген сұхбатында айтты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или