Альварес Чавеспен келісімге келе алмаса, Исламмен жұдырықтасады

Альварес Чавеспен келісімге келе алмаса, Исламмен жұдырықтасады

Мексикалық боксшы Сауль Альварестің командасы отандасы Хулио Сезар Чавеспен ұзақ келіссөздер жүргізуде.

Бұл туралы Fightnews.com сайты жазады. 

Екі-үш айға созылған келіссөздер сәтсіз аяқталса, «Канело» қазақстандық Қанат Исламмен жұдырықтасуы мүмкін. Аталмыш кездесу мамырдың 6-ы, Лас-Вегас қаласында өтуі ықтимал.

Айта кетер жайт, Қанат Ислам қазіргі таңда WBO рейтингісінде 5-ші орында келеді. Ал Альварес WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы.

Бұның алдында, 32 жастағы жерлесіміз өзінің кезекті жекпе-жегін АҚШ-та өткізетінін айтқан болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или