Тұраров GGG-дің Джейкобсті жеңетініне сенімді

Тұраров GGG-дің Джейкобсті жеңетініне сенімді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров отандасы Геннадий Головкин мен америкалық Дэниэл Джейкобс кездесуіне болжамын жасады.

«Жақсы жекпе-жек. Меніңше, Головкин Джейкобсті сегізінші раундқа дейін нокаутқа жібереді», - деді Тұраров.

Айта кетейік, 26 жастағы Тұраров кәсіпқой бокста 20 жекпе-жек өткізіп, оның бәрін жеңіспен аяқтады.

Ал Головкин - Джейкобс кездесуі 18 наурызда Нью-Йорке қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или