ElPasoTimes қорытындысы: GGG сегіз номинацияда үздік атанды

ElPasoTimes қорытындысы: GGG сегіз номинацияда үздік атанды

ElPasoTimes.com сайты 2016 жылды қорытындылап, түрлі номинациялар тізімін жариялады.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) оның сегізінде жеңіске жетті.

Сонымен, басылымның пікірінше, GGG үздік pound-for-pound боксшы және үздік панчер, оң және сол қолдарымен, джеб және қаптал бойынша үздік соққылар иесі, сондай-ақ, ең әсерлі боксшы атанды. Сонымен қатар, оның мексикалық Сауль Альвареспен өтуі мүмкін жекпе-жегі 2017 жылдағы ең үлкен оқиғалар тізіміне енді.

Ал жылдың үздік бапкері атағын Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или