Әлі жеңілмеген боксшы Бейбіт Шүменовті жекпе-жекке шақырды
Америкалық боксшы Эндрю Табити (13-0, 11 КО) Fighthype.com порталына берген сұхбатында қазақстандық Бейбіт Шүменовпен (17-2, 11 КО) кездескісі келетінін айтты.
«24 ақпанда рингке шығуға дайынмын. Расымен де, титулдық жекпе-жек өткізгім келеді. Бейбіт Шүменовпен жұдырықтасып, бүкіл әлемнің қателесіп жүргенін дәлелдегім келеді», - деді Табити.
Шүменов рингке 11 ақпанда оралып, Майамиде кубалық Юниер Дортикоспен (21-0, 20 КО) кездеседі деп күтілуде. Бірақ нақты қай күні болатыны ресми хабарланған жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или