Фредди Роуч: «Кроуфорд Пакьяомен жұдырықтасу үшін көп ақша сұрады»
Жартылай орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы филиппиндік Мэнни Пакьяоның бапкері Фредди Роуч, шәкірті мен Теренс Кроуфорд арасындағы жекпе-жектің не үшін ұйымдастырылмағанын айтты.
«Боб — жекпе-жекке жауапты жалғыз адам. Біріншіден, ол маған хабарласып, бір ғана қарсыластың бар екенін айтты. Екі аптадан кейін хабарласып, тағы екі қарсылас жайлы айтты. Кроуфорд көп ақша талап еткен. Сондықтан да бұл жекпе-жек екі аптаның ішінде жойылып кетті», — деп Роучтың сөзін Boxing Scene жеткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или