Уордтың бапкері Джейкобсқа көмектеседі

Уордтың бапкері Джейкобсқа көмектеседі

Андре Уорд пен Әмір Ханды баптаған америкалық бапкер  Вирджил Хантер, отандасы Дэниэл Джейкобсқа қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жекке дайындық жүргізуге көмектеспек, деп хабарлайды ringtv.com.

Джейкобс Калифорниядағы Оклендте орналасқан Virgil Hunter’s King’s Boxing Gym залына келген. Хантер боксшының жеке бапкері Андре Розьемен бірігіп жұмыс істейді. 

«Вирджил бізге оның залында жаттығуға мүмкіндік берді. Біз онымен бір отбасы секілдіміз. Ол менің ағамдай болып кетті. Әрине, екеуміз бірге жұмыс істейміз. Ол маған көмектесіп тұрады. Залда Андре Уорд, Андре Берто да болады. Бұлардың бәрі Дэннидің достары. Сондықтан да жаттығу қызықты әрі тиімді өтетініне сенімдімін. Біз бокс кешіне уақытынан бұрын жеңілу үшін бармаймыз. Біз тек жеңіс үшін бармақпыз», - деді Андре Розье. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или