WBC Альварес - Чавес жекпе-жегіне арнайы белбеу жасауға дайын

WBC Альварес - Чавес жекпе-жегіне арнайы белбеу жасауға дайын

Бүкіләлемдік бокс одағының (WBC) президенті Маурисио Сулейман мексикалық Сауль Альварес пен кіші Хулио Сезар Чавес арасындағы жекпе-жек өтсе, арнайы белбеу жасалатынын айтты. 

Екіжақ жекпе-жектің қай салмақта өтетіні жайлы келіссөз жүргізуде. Егер олар өз салмақтарында кездесуге шықпаса, ешқандай белбеу бәске тігілмейді. Бірақ, Маурисио Сулейман екі бокшыны сыйлықсыз қалдыруға болмайды деп есептейді. 

«Бұл бокс әлеміндегі екі үлкен тұлға арасында өтетеін кездесу болмақ. Сондықтан да жеңімпазды арнайы белбеумен марапаттау біз үшін үлкен құрмет болар еді. Егер боксшылардың командалары келісе алса, Мексика үшін үлкен мереке болары анық», - деді Сулейман. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или