Бейбіт Шүменов: «Кіммен болса да жекпе-жекке шығуға дайынмын»

Бейбіт Шүменов: «Кіммен болса да жекпе-жекке шығуға дайынмын»

WBA тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақта әлем чемпионы Бейбіт Шүменов кубалық Юниер Дортикосқа қарсы жекпе-жекке дайындалуда. Бұл туралы Егемен Қазақстан басылымы хабардар етті.

Өзінің инстаграм парақшасында қазақстандық боксшы кезекті жаттығу жұмысынан үзінді жариялады.

 

«Жаттығу жұмыстарымның қорытынды бөлігі. Екі жігітпен ойдағыдай спарринг өткіздім. Деңгейім күн санап жақсарып келеді. Кез келген уақытта, кіммен болса да жекпе-жекке шығуға дайынмын. Шектеу қоймаймын», – деп жазды Шүменов.

Айта кетейік, қос спортшының арасындағы кездесу ақпан айында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или