Ахмедиев кезекті жекпе-жегіне дайындалып жатыр
Қазақстандық боксшы 26 жастағы Радмир Ахмедиов кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жегіне дайындалып жатыр.
Оның кездесуі ақпанда «Savarese Promotions» компаниясының кезекті шоуы аясында өтеді. Радмирдің өзі осы компаниямен жұмыс істейді. Бокс кеші америкалық Хьюстонда өтуі ықтимал, Ахмедиов сол қалада жаттығып жатыр.
Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингте 11 жекпе-жек өткізіп, оның 10-ын жеңіспен аяқтаған. 8 кездесуді уақытынан бұрын тәмамдады. Тағы бір жекпе-жекте жеңіліп қалды. Боксшы бірінші орта салмақта (154 фунт - 69,9 келіге дейін) өнер көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или