Джейкобс Головкинге қарсы жекпе-жек жайлы айтып берді
Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы алдағы жекпе-жек жайлы пікірін айтты.
«Кейде жекпе-жектерді ойланбай өткізуің керек. Рингке шығып, басқалар мүмкін емес деп ойлаған нәрсені жасауың қажет. Бірақ егер мен секілді өзіңе сенсең, өз мүмкіндігіңе сенсең, бәрі жақсы болады. Қандай да бір шақырулар бола ма? Болады. Менің алдымнан шығатын бөгеттер бола ма? Сөзсіз. Бірақ бұлар менің өткен нәрселеріме қарағанда түк те емес. Бұл менің өмірім. Алдағы жекпе-жектен ләззат аламыз. Тамаша уақыт, біз бақыттымыз. Жекпе-жек өтетін болды-ау. Дәл қазір не рингке шығатын, не аузыңды жабатын уақыт», - деді Джейкобс.
Айта кетейік, Головкин - Джейкобс кездесуі 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или