Роберт Гарсия: «Головкиннің қорғанысы әлсіз, Альварес оны жеңеді»

Роберт Гарсия: «Головкиннің қорғанысы әлсіз, Альварес оны жеңеді»

Белгілі америкалық бокс маманы Роберт Гарсия EsNews басылымына берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (48-1-1, 34 КО) арасындағы кездесуге болжам жасады. <br /><br />- Екі боксшының да талай кездесулерін көрдім. Менің ойымша, Канело Головкинді жеңеді. Альварес шапшаң боксшы, ал Геннадийдің қорғанысы әлсіз, - деді Гарсия.<br /><br />Сондай-ақ, Роберт қазақстандық боксшының Дэниел Джейкобсты (32-1, 29 КО) нокаутпен ұтатынына сенімді екенін айтты. 

Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек осы жылдың қыркүйек айында өтеді деп күтілуде. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или