Габриэль Росадо: «Дэнни бұған дейін жеңілді, GGG-дің басымдығы осы»

Габриэль Росадо: «Дэнни бұған дейін жеңілді, GGG-дің басымдығы осы»

Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы Габриэль Росадоның пікірінше, GGG-де америкалық Дэниэл Джейкобске қарсы кездесуде басымдық болады.

«Дэнни бұған дейін жеңіліп көрген, GGG-дің негізгі басымдығы осыда. Екеуі де тәжірибелі, екеуінің де өздеріне тән машықтары бар. Қос боксшы да шешуші соққы жасауы мүмкін. Негізгі сұрақ: оны кім жасайды? Меніңше, Дэнниде жеңіске жетуге мүмкіндік бар. TripleG үшін бұл кездесу – нағыз сынақ. Дэнни одан басым түсуді ойлап отырған секілді. Бұдан не шығарын көре жатармыз», - деді Росадо.

Айта кетейік, Головкин – Джейкобс кездесуі 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или