USA Today: Абель Санчес – жыл бапкері
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің бас жаттықтырушысы Абель Санчес 2016-шы жылдың үздік бапкері атанды.
USA Today басылымы Абель Санчесті қатарынан екінші рет жылдың үздік бас бапкері жүлдесімен марапаттады. Америкалық маманның негізгі екі шәкірті де биыл жақсы өнер көрсетті. Геннадий Головкин америкалық Доминик Уэйд және британиялық Келл Брукты нокаутпен жеңсе, ресейлік Мурат Гассиев отандасы Денис Лебедевті ұтып, одан IBF белбеуін тартып алды.
Естеріңізге сала кетсек, Yahoo! Sport порталы да Абель Санчесті 2016-шы жылдың үздік бапкері деп таныды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или