«Джейкобстің Куиллинді ұтқаны GGG-дің 36 жеңісінен артық»

«Джейкобстің Куиллинді ұтқаны GGG-дің 36 жеңісінен артық»

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBA титулының иегері Дэниэл Джейкобс кездесуі Bleacher Report порталының нұсқасы бойынша 2017 жылы өтетін үздік он оқиға тізіміне енді.

«Орта салмақта әлемнің жеңілмеген чемпионы Геннадий Головкиннің нокауттар сериясы 23-ке жетті. Ол pound-for-pound жұлдызы және әлемдегі ең атақты боксшылардың бірі.

Ал Дэниэл Джейкобс – 160 фунтта екінші нөмірлі боксшы. Бірақ оның 2015 жылы Питер Куиллинді нокаутпен ұтқаны Головкиннің кез келген 36 жеңісінен артық», - деп жазды басылым.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы бүгінге дейін 36 жекпе-жек өткізіп, оның бәрін жеңіспен аяқтады. 33 кездесуді мерзімінен бұрын тәмамдады. Ал Дэнни рингке 33 рет шығып, біреуін жеңіліспен аяқтады. Қалған 32-сін жеңіспен, оның 29-ын нокаутпен аяқтады.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин – Джейкобс кездесуі 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Кездесуді НВО телеарнасы ақылы трансляция жүйесінде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или