Абель Санчес: «Головкин - Альварес жекпе-жегі өтуі керек»
Қазақстандық Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчестің пікірінше, оның шәкірті Дэниэл Джейкобстен кейін мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасуы керек.
«Бұл бокста өтуі мүмкін жекпе-жектердің ішіндегі ең үздігі. Бұл келесі кездесу болуы керек. Бұл екі жігіт бүгінде ең атақты және ең үздігі болып тұр, енді оларға өзара кездесіп, кімнің бірінші нөмір екенін анықтау қажет. Бұл жекпе-жек өтпесе, ол туралы айта бермейміз. Бірақ Том Леффлерден естігенім бойынша, келіссөз жақсы жүріп жатыр. Егер бәрі осылай жалғаса беретін болса, бұл жекпе-жекті өткізуімізге сегіз ай бар», — деді Санчес.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или