Малиньяджи Альварес - Чавес жекпе-жегін сынады
Екі салмақ дәрежесіндегі экс-әлем чемпионы Пол Малиньяджи Сауль Альварес пен кіші Хулио Сезар Чавес арасында өтуі мүмкін жекпе-жекті босқа уақыт құрту деп атады.
«Адамдар мамыр айында өтетін Альварес - Чавес жекпе-жегі жайлы айтуда. Бұл жекпе-жек - тек босқа уақыт құрту ғана. Осындай жекпе-жектерді көретін адамдардың бокс ауылынан алыс екені көрініп тұрады. Қашанда бокс кешіне құртқан уақытыңа тұрмайтын ақша төлейтін ақымақ адамдар болады. Олар бұрын да болған», — деп Полдың сөзін Bloody Elbow Three Amigos жеткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или